Қазақстандық дзюдошы Париж олимпиадасында жекелей сында өнер көрсету мүмкіндігіне ие болды
Дзюдодан Қазақстан құрамасының спортшысы Эсмигүл Куюлова Париж олимпиадасында жекелей сында өнер көрсететін болды. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

Дзюдодан Қазақстан құрамасының қоржынына тағы бір жолдама түсті. Бұған дейін тек аралас командалық сайыста белдесуге жолдама алған Эсмигүл Куюлова жекелей сында өнер көрсету мүмкіндігіне ие болды. Азия ойындарының және Азия чемпионатының қола жүлдегері атанған отандасымыз Париж бозкілемінде 63 келі салмақ дәрежесінде сынға түседі. Осылайша, дзюдодан әйелдер құрамасында үш жолдама болды.
Айта кетейік, Париж олимпиадасында дзюдо күресінен жалпы 8 спортшы өнер көрсетеді. Оның бесеуі ерлер құрамы болса, қалғаны әйелдер құрамы.
Қолданыста жүргеніне 50 жылдан асқан: Астанадан ұшқан қазақстандық ұшақтағы түсқағазды көріп жағасын ұстады (видео)
Желі қолданушысы: "Қатты дыбыстан құлақ бітіп қалды, ұшақ қирап қалатындай көрінді"
Маска мен мұрын фильтрі алматылықтарды лас ауадан расымен қорғай ма: Мамандар құралдардың қайсысы тиімді екенін түсіндірді
Масканың көмегі болуы үшін оның FFP2 немесе N95 түрін таңдау керек

