Қазақстандық дәрігерлер әйелдің ағзасынан көлемі үлкен тас алып шықты
Петропавлда көпсалалы қалалық аурухананың хирургтары пациенттің өт қабынан көлемі тауық жұмыртқасымен бірдей тасты алды. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
Фото: видео кадрларынан скрин
Медициналық мекеменің баспасөз қызметінің мәліметінше, 58 жастағы әйел ішінің жоғарғы бөлігі қатты ауырып, жедел жәрдеммен ауруханаға түскен.
"Ауырсынудан басқа, науқаста жүрек айнуы, аузында ащы сезім мен ауру сезімі болды. Симптомдар майлы және қуырылған тағамдардан кейін пайда болғанжәне бір күн бойы басылмаған. Тексере келе науқастан өттегі тас ауруы анықталды. Дәрігерлер шұғыл операция жасау туралы шешім қабылдады", – деп хабарлады аурухананың баспасөз қызметі.
Хирургтар Алексей Дрюпин мен Жамшид Өмірзақов, сондай-ақ анестезиолог Альбина Абышева жүргізген ота бір жарым сағатқа созылып, сәтті аяқталды.
Науқастың өт қабынан дәрігерлер бірнеше тастарды алып тастады. Олардың біреуі тауық жұмыртқасының мөлшерімен тең.
"Асқынудың алдын алдық. Қазір науқас емделіп жатыр", - деп толықтырды медициналық мекеме.
Дәрігерлер өттегі тастар ұзақ уақыт бойы адамға сезілмейтінін ескертті. Бірақ кез келген уақытта олар өткір холецистит (өт қабының қабынуы), өт жолдарының бітелуі, сарғаю, холангит, панкреатит және тіпті өт қабының перфорациясын тудыруы мүмкін. Ал бұл өмірге үлкен қауіп төндіреді.