Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Қазақстандық боксшы "Жыл жаңалығы" мәртебесіне ие болды

Канадалық Netboxe.com басылымы 2019 жылға қорытынды жасады, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі. 

Қазақстандық 21 жастағы WBC Asia және WBC Youth World сайыстарында чемпион деп танылған адриддин Ахмедов "Жыл жаңалығы" дәрежесіне ие болыпты. 

"Қазақстандық жас спортшы Канадада болған жекпе-жекте ел үмітін ақтай алды. Жас боксшылардың арасындағы чемпион Ахмедов 18 жасынан бастап үздіктердің біріне айналды. 251 жекпе-жектің 241-ін жеңген боксшы 2018 жылы профессионал атанды. Канадалық Камил Эстефанның Eye of the Tiger Management ұйымы Ахмедовты өз қарамағына алды. Бұған дейін бұл ұйымда Нұрзат Сабиров пен батыр Жүкембаев сынды боксшылар болған еді", - деп жазыпты сарапшылар.

Бұған қоса басылым екі жылдың ішінде Ахмедовтың 11 шайқасында жеңісті иеленгенін атап айтты. 

"Алғашында жаттықтырушы Стефан Лярушпен бірге жаттыққан Ахмедов араларында болған кикілжіңнің себебінен Марк Рэмсидің қарамағына ауысты. Боксшының ерекше соққысын атап өткен жөн. Рэмсидің айтуынша, жас спортшы бірнеше жылдан кейін әлем чемпионы атанатыны сөзсіз. Қазірдің өзінде ол екі жылда ұйымдастырылған 11 жекпе-жекте жеңіске жеткен. Қазақстандық жігіттің қауқары - көз тартарлық", - делінген басылымының материалында. 

 

 


 

Талқылау