Қазақстандық боксшы WBC, WBA және WBO экс-чемпионымен жұдырықтасады
Қазақстандық боксшы Әбілқайыр Шегалиев (8-0-7, 4 КО) кезекті кездесуін Мәскеуде 16 қыркүйекте өткізеді, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

Шегалиев ресейлік Андрей Сироткинмен (20-2-1, 7 КО) жұдырықтасады. Бұған дейін Сироткин Мейірім Нұрсұлтановқа қарсы (17-0, 10 КО) жекпе-жек өткізіп, 5 раундта жеңіліп қалған.
Өз мансабында Сироткин үш бокс ұйымының WBC ABC Continental, WBA Inter-Continental, WBA Asia, WBO European екінші дәрежелі белбеулерінің иегері болған.
Ал Әбілқайыр Шегалиев ақпанда ресейлік Манук Диланянмен (12-9-2, 5 КО) жұдырықтасып, тең түскен еді.
"Жалаңаштанып айға қарап, рәсім жасайды": Батыс Қазақстандағы бір ауылдың тағдырын жат ағым қалай өзгертті?
Мадхалиттердің 4-5 жыл бұрын депутаттық корпусқа үміткер болуға талпынғандары да болды
"Саябақтарда қонып жүрмін": 21 жастағы қазақстандық балалар үйінің түлегі дала қалды
Жетім балалар неге кәмелетке толған соң көше кезіп қалады?

