Қазақстандық боксшы АҚШ-тағы дебюттік жекпе-жегінде жеңіске жетті
Қазақстандық орта салмақтағы Темірлан Райымқұлов (2-1-2) кәсіпқой жекпе-жегін алғаш рет АҚШ-та өткізді. Ол Филадельфияда америкалық Джедон Эрвинмен (1-0) жұдырықтасты, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.
Филафельфияда өткен бокс кешінде Райымқұлов америкалық Джедон Эрвинмен (1-0) жекпе-жекке шықты. Төрт раундқа жоспарланған кездесуде төрешілер 39:37, 39:37, 39:37 есебімен жеңісті қазақстандық боксшыға берді.
Бұл Райымқұловтың кәсіпқой бокстағы үшінші жеңісі. Отандасымыз бір мәрте жеңілген. Эрвин өз карьерасында бірінші рет жеңіліс тапты.
"Құдайға шүкір. Мен Промоутерлерімен көмегі мен қолдауы үшін рақмет айтамын. Мен өз мақсатыма жету үшін тек алға жүрем", – деп жазды Райымқұлов Instagram парақшасында.
2019 жылдан бері рингке шықпаған Темірлан шаршы алаңға жеңіспен оралды.
Талқылау

"Күйеуімді қазақша Дарын деп атайды": Ағылшын азаматына тұрмысқа шыққан қазақ қызы оқиғасын бөлісті
Даррен Чандлер: "Қазақ тілін әйелімнің тілі болғандықтан жақсы көремін"

“Келін қылып алатын қыз”: Желіде қазақша ән айтқан португалиялық ару қазақстандықтарды тәнті етті
Лара: "Қазақтар өте-өте талантты халық”