Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Қазақстандық бизнесмен Испаниядағы вилласында өлі күйінде табылды

Қазақстандық кәсіпкер Марат Сабалақов Испанияда қайтыс болды, деп жазады Diarioinformacion.com және El Dia басылымы.

ҚР Сыртқы істер министрлігі бұл ақпаратты тексереді, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

«Испан полициясы Қазақстан азаматының қайтыс болғанын хабарлады. Қазір консул барлық жағдайды анықтау үшін сол жерге кетті», - деп түсіндірді департаменттің ресми өкілі Айбек Смадияров.

53 жастағы Марат Сабалақовтың денесі вилладан табылды, деп хабарлайды жергілікті БАҚ. Басылым ер адамның денсаулығына байланысты бұрын ауырғанын айтады.

Бастапқыда өлімнің зорлық-зомбылық салдарынан болғаны хабарланған. Кейін болжам жоққа шығарылды, өйткені дененің жанында ғана емес, үйде де қан іздері табылды. Алайда Сабалақов денсаулығына байланысты есінен танып, құлап, басына тиген болуы мүмкін, деп жазады газет. Өлімнің нақты себебі сот-медициналық сараптамадан кейін белгілі болады.

Ашық ақпарат көздеріне сүйенсек, Марат Сабалақов AS Invest Group компаниясының президенті болған. Оның фамилиясы 2015 жылдан бастап Қазақстанның жалға берушілер рейтингінде көрінді. 2015 жылдың қараша айында Сабалақов Словакия Республикасының Алматыдағы Құрметті консулы болды. Ол бұл қызметтегі басты мақсатты екі ел арасындағы экономика, сауда, мәдениет, ғылыми және білім саласындағы қатынастарды нығайту деп атады.

Талқылау