Қазақстандық банктердің активі бір жылда 20% артты: Актив көлемі бойынша қай банк көш бастады
Ұлттық банк 2024 жылдың 12 айы бойынша банк активтерінің көлемін жариялады. Жыл қорытындысына сәйкес, Halyk Bank тізімнің бірінші орнында тұр. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

Фото: pixabay.com
Halyk Bank-тің активі 17,4 триллион теңге деп бағаланған. Бұл өткен жылғымен салыстырғанда 21,7% көп.
Екінші орында Kaspi Bank тұр. 12 айдың қорытындысы бойынша, Kaspi-дің активі 7,8 триллион теңгеге жеткен. 2023 жылғымен салыстырғанда бұл 24,7% көп.
Үшінші орында ЦентрКредит Банкі, актив көлемі 6,6 триллион теңге. Өткен жылмен салыстырғанда өсім – 33,4%.
Ал Отбасы Банктің активі 4,1 триллион теңгеге жеткен. Forte Bank-тің активі 3,9 триллион теңге.
Бұдан кейінгі орында "First Heartland Jusan Bank" АҚ тұр, оның актив көлемі 3,2 триллион теңге екен.
Еуразиялық Банктің активтері 2,8 триллион теңге, ал "Фридом Банк Казахстан" АҚ-ның активі 2,4 триллион теңге деп бағаланған.
Жақында катарлықтарға сатылған Bereke Bank пен Bank RBC-ның активтері бірдей, яғни 2,3 триллион теңге.
"Ситибанк Казахстан" АҚ-ның активі 1,1 триллион теңге. Ал "Home Credit Bank" АҚ-ның активі 2024 жылдың қорытындысы бойынша 1 триллион теңгеге жеткен.
Одан кейінгі орында 970 миллиард теңге активпен "Altyn Bank" АҚ бар. "Шинхан Банк Казахстан" АҚ активі 685 миллиард теңге екен.
"Нұрбанк" АҚ активі 514 миллиард теңге, "Қазақстандағы Қытай банкі" ЕБ АҚ активі 495 миллиард теңге екен.
Елдегі банктердің жалпы активі 59 триллион теңгеден асты, өсім 15% немесе 7,8 триллион теңге.
Елде активі азайған тек "ВТБ Қазақстан" екен. Ресейдегі ең үлкен банктің еншілес компаниясы активін 2,3% азайтқан.
"Жарты жылдан астам уақыттан бері ізімнен қалар емес": Сталкингтің қауіпті белгілері және одан қалай қорғануға болады?