Қазақстандық балуан грек-рим күресінен әлем чемпионы атанды
Қазақстандық балуан Ислам Евлоев Испанияның Понтеведре қаласында өтіп жатқан әлем чемпионатында топ жарды. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

Сондай-ақ 67 келіде алтын жүлдеге таласқан Юсуф Ашрапов финалда қарсыласына есе жіберіп, күмісті қанағат етті. Осылайша, Қазақстан құрамасы грек-рим күресінен Испаниядағы әлем чемпионатында 1 алтын, 1 күміс және 3 қола медаль жеңіп алды.
Айта кетейік, бұған дейін Айбек Айтбеков (55 келі), Оңдасын Хамитов (60 келі) және Темірлан Тұрдақынның (87 келі) қола медаль жеңіп алғанын жазған едік. .
Екі күнде үш рет төтенше жағдайда қонды: Авиация сарапшысы қыс мезгілінде ұшудың қаншалық қауіпті екенін айтты

