Қазақстандық азамат полиция көлігіне түкіргені үшін қамауға алынды
Павлодар қаласының мамандандырылған әкімшілік сотында қала тұрғынына қатысты әкімшілік іс қаралды, ол былапыт сөз айтып, полиция қызметкерлерінің қызметтік автокөлігіне түкірген, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.
Оқиға 27 тамызда болған. Күдікті тіпті оқиғаны ұялы телефонға түсіріп алған.
"Азамат Я. Павлодар қаласы, Қайырбаев көшесі бойында балағат сөздер айтып, ішкі істер органдары қызметкерлерінің автокөлігіне түкіріп, аталған құқық бұзушылықты ұялы телефонға түсіріп алған. Сол арқылы қоғамдық тәртіпті бұзып, ұсақ бұзақылық жасаған", - делінген сот қаулысында.
Сотта ер адам өзінің әрекетін мас күйінде болуымен түсіндіріп, әкімшілік құқық бұзушылық жасағанын мойындады.
Сот оны Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодекстің "ұсақ бұзақылық" бойынша кінәлі деп танып, 10 тәулікке әкімшілік қамау түріндегі жаза тағайындады. Сот қаулысы әлі заңды күшіне енген жоқ.
"Роллтонның" орнына бешбармақ: Атырау тұрғыны ұлттық тағамды 5 минутта дайындау жолын тапты
Кәсіпкер үшін бешбармақ – тек тез дайындалатын тағам емес
1 миллион теңге айлық, пәтер мен қызметтік көлік: Мемлекет Құрылтай депутаттарына қандай жағдай жасайды
Құрылтай мен бұрынғы Парламент арасында қандай айырмашылық бар