Қазақстандық әйелдің туысқаны ұялы телефонын ұрлап, оның атына несие рәсімдеген
Ақмолалық полицейлер қазақстандық әйелдің ұялы телефонын ұрлап, оның атына несие рәсімдеген күдіктіні анықтады. Ұры жәбірленушінің туысқаны болып шықты, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

Қылмыстық іс биылғы жылдың маусым айында Атбасар ауданында орын алған. Арыз жазған 29 жастағы әйелдің сөзінше, белгісіз біреу жоғалған ұялы телефонның қосымшасы арқылы несие рәсімдеген. Жарты жылдан кейін жәбірленуші 620 000 теңге көлемінде қарызы бар екені жайлы хабарландыру алған.
Жедел іздестіру шараларының нәтижесінде 1 тамызда полиция қызметкерлері күдіктінің тұлғасын анықтады. Несие рәсімдеген азамат әйелдің 27 жастағы туысқаны болып шықты. Ол өз кінәсін мойындады.
Жаңа салық кодексі әлеуметтік кәсіпкерлерді жеңілдіктерден айырды – Тапсырыс жоқ, қарыз көбейді
Эмин Аскеров: "Қызметкерлердің тағы 10%-ын толық емес жұмыс күніне ауыстырдық"
Шетелдіктерге қазақ тілі тесті қаншалықты қиын: ВНЖ-ны кімдер ала алады?
Тест онлайн форматта ҚАЗТЕСТ жүйесі арқылы өткізіледі