Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Қазақстандық әйел ресейлік ұйым арқылы баласын Қытай азаматтарына сатып жібермек болған

Ресейдің Красноярск қаласында 28 жастағы қазақстандық әйел Қытай азаматтарына баласын сатпақ болғаны үшін тергелуде, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі tvk6.ru сайтына сілтеме жасап. 

Тергеу мәліметтері бойынша, әйел жаңа туған нәрестені 13 мың доллар саудалаған. Қазақстандық әйел ақша табу мақсатында 2019 жылы ресейлік “Дидилия” компаниясын тапқан. Ресейлік ұйым әйелді жасанды ұрықтандырудан өткізу үшін Камбоджа клиникасына саяхат ұйымдастырыпты.

2020 жылдың сәуір айында айыпталушы Красноярскта  босанып, туу туралы куәлігін алған, онда өзін анасы ретінде көрсеткен. Содан кейін әйел "Дидилия" фирмасының директорына сенімхат берген. 

Енді айыпталушы 10 жылға дейін бас бостандығынан айырылуы мүмкін. Оқиға бойынша жалпы 9 күдікті тергелуде. Олардың арасында "Дидилия" директоры мен оның әйелі, сондай-ақ, Красноярск перинаталдық орталығының бас дәрігерінің орынбасары мен медбикесі бар.

Ресейліктер қытайлық отбасыларға 20 баланы бермек болған. Дегенмен Қытай азаматтарының адвокаты бұған дейін ешқандай қылмыс болмағанын, суррогат аналар балаларды өздері тіркеуге мәжбүр болғанын айтуда. 

Талқылау