Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Қазақстандық әйел бір жыл бұрын ресейлік экс-күйеуі алып қашқан баласымен қауышты

Бір жыл бұрын қазақстандық әйелдің ресейлік экс-күйеуі сот шешіміне қарамастан баланы алып, шетелге қашып кеткен еді. Бүгінде Дана Амеева ұлы Арсенимен қайта қауышты, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі. 

"Дана Амеева ұлы Арсенимен қосылды. Қазір ғана ол баланы қайтарғанын, Алматыға ұшып келгенін хабарлады. Олар барлық жағдайлардан кейін естерін жиюда", — деді "НеМолчиKZ" қорының жетекшісі Дина Таңсәрі (Смаилова).

Дина Таңсәрі ресейлік ер адамның баланы 2018 жылдың 6 мамырында алып қашқанын еске салды. Ресей президенті Владимир Путинге тікелей эфирде жазғанын, видео жариялағанын, шақырғанын айтты. Ресейдегі әртүрлі құрылымдарға 18 хат жіберілген. Жауаптар келіп отырған.

"(...). Қайтару процессі осы жылдың сәуір айынан басталды. Олар (мемлекеттік органдар — ред.) бұрынғы күйеуі баланы үнемі бір елге, сосын екінші елге алып кете бергендіктен ешнәрсе істей алмады. Белсенді жұмыстардың іске асып жатқандығын түсінгеннен кейін ол баланы Польшаға. Беларусьқа алып кетті", — деп жазды "НеМолчиKZ" қорының жетекшісі.

"Бізге көмектескен, қолдаған, кеңесін берген адамдарға үлкен алғыс айтамыз. Дана Амееваның және "НеМолчиKZ" қорының ашық мәлімдемесінен кейін  2019 жылдың сәуірінде Ресей президенті Владимир Путинге баланы қайтаруға көмектесуі үшін өтініш білдірілді. Сонымен қатар, президенттен ресейлік және қазақстандық соттар қабылдаған шешімнің орындалуын сұрадық. Істі қарай бастады.

Біз процесс орындалып жатқанда Ресей Федерациясынан көптеген хаттар алдық. Бізге Ресейдің Бас прокуратурасынан жазды. Балалар омбудсменінен, біздің атқарушы органдардан жауап алдық. Баланы елге қайтаруда Қазақстанның Санкт-Петербургте орналасқан Мемлекеттік елшілігінің үлесі зор", — деді Дина Таңсәрі. 

Қазақстандық әйел Дана Амеева былтыр ІІМ-ге баланы қайтарып беруге өтініш білдірді. Ол Ресей азаматына күйеуге шыққан, екеуі бірге Калининград қаласында тұрған. Отбасылық жағдайға байланысты ерлі зайыптылар ажырасып кеткен. Жергілікті ресейлік Калининград соты баланы анасымен қалдыру туралы шешім шығарды. Бірақ ер адам бұл талаптарды орындаудан бас тартып, кішкентай ұлды алып қашты.

Талқылау