Қазақстандық ауыр атлет үш Азия және үш әлем рекордын жаңартты

Фото: Ұлттық олимпиада комитеті
Қазақстандық ауыр атлет Әлихан Әскербай Астанада өтіп жатқан жасөспірімдер мен жастар арасындағы Азия чемпионатында алтын медаль жеңіп алды. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
Сонымен қатар спортшы үш Азия рекордын және үш әлем рекордын жаңартты.
Қоссайыстың қорытындысы бойынша қазақстандық зілтемірші 310 (141+169) келіні еңсерді. Жасөспірімдер арасындағы жарыста ол бірінші орынға ие болды.
Сондай-ақ Әлихан Әскербай жастар арасындағы Азия чемпионатында да жүлдегер атанып, қола медальді еншіледі.
Айта кетейік, бұған дейін ел қоржынына екі медальді Ксения Прозорова салған болатын. Ол U17 санатында бірінші орынға ие болып, 20 жасқа дейінгі атлеттер арасында күміс жүлдегер атанды.
"Мәйіттің арқасы көгерген": ҚазҰУ-да жатақханадан өлі табылған студенттің анасы қызының өліміне қатысты күмәнін айтты
Қыздың анасы қызының өліміне қатысты барлық мән-жайдың анықталып, шындықтың ашылғанын қалайтынын айтты
Қара түтінге шағымданған алматылыққа зертханалық сараптаманы өзі жүргізу талап етілген
Ғимарат Қарасу шағын ауданында орналасқан

