Қазақстандық атлет әлемдік додада жүлдеге ие бола алмады
Қазақстандық жеңіл атлет Каролин Чепкоеч Кипкируи АҚШ-тың Орегон штатындағы Юджин қаласында өткен әлем чемпионатында жүлдеге қол жеткізе алмады, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі Vesti.kz сайтына сілтеме жасап.

Шешуші жарыста спортшы жетінші орынға (14:54:80) табан тіреді. Эфиопиялық Гудаф Цегай жеңімпаз атанды. Оның уақыты 14:46:29.
Айта кетсек, бұған дейін Каролин Чепкоеч Кипкируй 10 000 метрге жүгіруден де жетінші орын алған болатын.
Еске салайық, бұған дейін қазақстандық спортшы Нора Жеруто 3000 метрге кедергілер арқылы жүгіруден алтын иеленген еді.
Астанада ойын орталығында 4 жасар бала тоқ соғып жарақат алды: Анасы орталықты тексеруді талап етті
Күтуші балаларды тоқтатпаған және бұлай ойнауға болмайтынын түсіндірмеген
Қазақстандық әйел қызының балмұздақ жегеннен кейін жансақтау бөліміне түскенін айтты
Анасы: "Инфекция баламның бүйрегін зақымдап жатыр"

