Әнші Қайрат Нұртас сахнада дөрекі сөздер айтқаны үшін жауапқа тартылды
29 сәуірде қазақстандық әнші Қайрат Нұртас тағы да әкімшілік жауапкершілікке тартылды. Ол концерт кезінде балағат сөздер айтқан. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

Желілерде әншінің концерт кезінде сахнада дөрекі сөздер айтқан видеосы тарады.
"Бейнежазбада қоғамдық орында балағат сөздер айтқан әнші жауапқа тартылды. Ұсақ бұзақылық бойынша оған 20 АЕК көлемінде айыппұл салынды", – делінген полиция хабарламасында.
Еске салсақ, бұған дейін Қайрат Нұртастың тыңдарманы оның сахнада айтқан дөрекі сөздерін "не істесе де жарасады" деп ақтаған еді.
Қазақстанда киіз үй бағасы 200 мыңнан 1,8 миллион теңгеге дейін: Оны кімдер сатып алады?
Темірден жасалған киіз үйлердің құны 200 мың теңгеден басталып, 750 мың теңгеге дейін барады
"АҚШ-та үлкен мейрамханаларды жалға аламыз": Шетелдегі қазақтар Наурыз мерекесін қалай тойлайды?
Наурыз қай жерде жүрсе де адамдарды біріктіретін, мәдени бірегейліктің маңызды символы