Эльбрус тауынан түсе алмай қалып, аяғын үсік шалған қазақстандық альпинист құтқарылды
Қазақстандық альпинист Эльбрус тауында тұрып қалды. Биіктен түсу үшін оған және тағы бір адамға құтқарушылардың көмегі қажет болған. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

Фото ашық дереккөзден
Бұл туралы Ресей төтенше жағдайлар министрлігінің Кабардин-Балқар бойынша баспасөз қызметі мәлімдеді. Алдын ала мәлімет бойынша, туристердің аяғын үсік шалған.
- Индонезияда жанартау атқылау салдарынан 11 адам қаза тауып, 12 адам жоғалып кетті (видео)
- "Бес баласы күтіп отыр": Майқайыңда жер астына құлаған автобус ішіндегі қызметкердің жұбайы оқиғаның мән-жайын айтып берді
Альпинистер бес мың метр биіктікте тұрып қалғаны нақтыланды. Оларға көмекке 9 адам мен 2 техника келген. Сағат 23:34-те іздестіру-құтқару жұмыстары аяқталды, альпинистерге Гара-Башы станциясында 3850 метрге түсуге көмек көрсетілді, олар одан әрі көмек көрсетуден бас тартқан.
Сондай-ақ, топ құрамында қазақстандық гид пен орыс әйел болғаны айтылады.
"Өзін құрбан ету үшін "айналайын" деп дауыстаған": Қазақтың қандай салт-дәстүрі мен ұғымдары ұмыт болды
Тарихшы: "Ауру адамды киіз үйдің ортасына жатқызып, қарт кісі үш рет айналып, есікке келгенде “айналайын” деп дауыстайды"
"Туған күнімді үкімет жасап береді": Наурызды ерекше атап өтетін қазақстандықтар қызық оқиғаларын бөлісті
Наурыз: “Есімім Наурыз, 22 наурыз туған күнім”