Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

"Бір аптадан аса ауырып жүрмін". Қазақстандық адвокат Джохар Утебеков коронавирус жұқтырды

Қазақстандық танымал адвокат Джохар Утебеков коронавирус диагнозымен ауруханаға түсіп, емделіп жатыр, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

Бұл туралы адвокат өзінің Facebook-тегі парақшасында хабарлаған.

"Мен және балаларыма COVID-19 тестінен оң нәтиже шықты. Бәрі жақсы, біз мұны күткен едік. Бізді бірден Алатау ауданы қорғанындағы жұқпалы аурулар ауруханасына алып келді. Жұбайым кешеден бері осында. Ертең ол біздің бөлімге ауысады деп үміттенемін - бұл төрт орынға арналған бөлме", - дейді ол.

Айтуынша, жұбайы - Құндыз Оспан 2-3 күнде сауығып кеткен.  Кіші 11 жастағы ұлы бір күнде, үлкен 13 жастағы ұлы тіпті ауруды байқамаған. Ал өзінде вирус ауыр қалыпта жүріп жатқанын айтады.

"Оларда (отбасында-авт.) бәрі жақсы! Үйге жіберуі мүмкін. Сол үшін мен үшін алаңдайық! Бір аптадан аса ауырып жүрмін. Қазір тамағым ауырып, әлсіздікті сезінемін. Дене қызуы 37,7, қақырық шығып, иіс сезуім төмендеген. 

Ешкім неге мұндай ауыр препарат беретінін айтып түсіндірген жоқ. Витамин тәрізді "Мә, іш" деп бере салды. Негізі маған терафлю, ферферкс (батыстың парацетамолы) жақсы көмектеседі. Бірақ оны ішуді тоқтаттым, бүгін өзімді өте жайсыз сезіндім, орнымнан тұру қиын болды. Дәрігерді көруге үмітті боп жатырмын, себебі ертең демалыс күндері басталады. Достарыма, туыстарыма, әріптестер, клиенттер, жазылушыларыма тілектер мен дұғалар үшін алғыс білдіремін!", - деп жазды ол Facebook-тегі парақшасында.

Компьютерлік томография нәтижелері бойынша Джохар Утебековте екі жақты пневмония анықталған. Адвокаттың жазуынша, оған антибиотиктер тағайындалған.

 

Талқылау