Қазақстандық спортшы Олимпиадада шорт-трек бойынша төртінші орын алды
2022 жылғы қысқы Олимпиадада ерлер арасында 500 метр қашықтықта шорт-тректе медальдар ойнатылып, қазақстандық Абзал Әжғалиев финалға шықты, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

Ширек финалға үш қазақстандық шықты. Алайда олардың тек екеуі жартылай финалға шыққан.
Денис Никиша 40.355 секунд нәтижесін көрсетіп, бірінші орыннан көрінді. Абзал Әжғалиев 40.643 секунд нәтижесімен өз жүгірісінде үшінші орын алды. Оның қатысуымен ширек финалдың нәтижесі фотофиниш көмегімен анықталды.
Шешуші жарыста Ажғалиев төртінші орынға жайғасты. Абзал Әжғалиев 40.869 секунд нәтиже көрсетті. 40.338 ұпаймен венгр Лю Шао Ланг чемпион атанды.
Айта кетейік, Ажғалиев Олимпиадада 500 метрге шорт-тректе жеке жарыстардың финалында өнер көрсеткен алғашқы қазақстандық спортшы болды.
"Аяғыма оқ тиіп, кестіруге мәжбүр болдым": Сынаққа сынбаған Паралимпиада чепионы Ербол Хамитов жайлы не білеміз?
Ербол Хамитов Қазақстан тарихында Паралимпиада ойындарында топ жарған алғашқы спортшы атанды
"Авиаотын бағасын көтеріп, қауіпсіздік талабын орындамау": Қазақстандық әуежайларға неге жаппай айыппұл салынды
Көптеген әуежай авиаотынды монополиялық жоғары бағада сату арқылы миллиондаған табыс тапқан