Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Көлік апатына жолдың нашарлығы себеп болса не істеу керек - Мемлекет шығынын өтей ме?

Қазақстандағы жол-көлік оқиғаларының басты себептері аталды. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды. 

Үкімет отырысында Ішкі істер министрінің бірінші орынбасары Марат Қожаев жол апатының басты себебіне жолдардың нашарлығын атады. Оның айтуынша, Алматы, Жетісу өңірінде, Алматы, Жамбыл және Түркістан облыстарында апат деңгейі жоғары күйінде қалып отыр.

Қожаев жол-көлік оқиғаларының негізгі себебі жолдар мен инфрақұрылымның жағдайы екенін баса айтты. Жазатайым оқиғалардың 70%-дан астамы елді мекендерде орын алады. Жаяу жүргіншілердің өліміне әкелетін жол-көлік оқиғаларының саны бойынша Алматы мен Астана көш бастап тұрғаны хабарланды.

Сондай-ақ Марат Қожаев жүргізуші жол жағдайының нашарлығынан жол апатына ұшырап, көлігін бүлдірген жағдайда мемлекеттен өтемақы талап ете ме деген сұраққа жауап берді.

Қожаев айтқандай, автокөлік жүргізушілерінің мұндай құқығы бар және олар оны пайдала алады.

"Әрине. Егер жол-көлік оқиғасының себебі жол сапасы деп танылса, соның салдарынан жүргізушінің жол-көлік оқиғасының алдын алуға мүмкіндігі болмаса, ол талап қоюға құқылы. Бізде мұндай фактілер бар. Жүргізушілер көлік пен мүлікке келтірілген зиян үшін өтемақы алады", - деді вице-министр.

Талқылау