Қазақстандағы мектептердің жартысы мен балабақшалардың үштен екісі мамандандырылған күзетпен қамтылмаған
Қазақстанда үш мыңнан аса мектеп пен төрт мынан аса балабақша лицензциясы бар күзетпен қамтылмаған. Бұл туралы Ішкі істер министрлігі Күзет қызметін бақылау департаменті басқармасы басшысының орынбасары Серік Құспанов айтты деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

Оның сөзінше, елдегі 3 404 мектеп пен 1 371 балабақшаның лиценцияланған күзеті бар. Оның ішінде 2 050 мектеп пен 790 балабақша дабыл батырмасы, яғни жедел әрекет ету тобы арқылы күзетіледі.
"3 298 мектеп пен 4 214 балабақша лицензцияланған күзетсіз жұмыс істеп келеді", – деп мәлімдеді ол.
ІІМ өкілі мектептерде лицензиясы бар күзеттің болмуын мекемелерге күзет қызметіне бөлінетін қаржымен байланыстырды. Жеке күзет ұйымдары ақылы қызмет ұсынады.
Бүгінгі таңда Қазақстанда 6 702 мектеп пен 5 585 балабақша бар.
Қазақстанға 12 жылдық мектеп керек пе: Назарбаев зияткерлік мектептеріндегі оқу мерзімі қысқарса, не өзгереді
Мектептегі қосымша бір жылға қатысты қоғам пікірі екіге бөлінді
Елтаңба тауып алғаны, өз ақшасына алаң салғаны үшін: Қазақстанда талқыға түскен айыппұлдар
Қайсысы әділ, қайсысы шектен шыққан шешім болды