Қазақстандағы кинотеатрлардың қызметі 10%-ға қымбаттады
ҚР-да кино өндірісі бойынша қызметтердің 83% -ы екі қалаға тиесілі, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі Ranking.kz сайтына сілтеме беріп.
Биыл қаңтар-маусым айларында кино және бейнефильмдер, телевизиялық бағдарламалар, фонограммалар мен музыкалық жазбалар өндіру бойынша қызметтер көлемі 23,4 млрд теңгеге жетті. Бұл өткен жылмен салыстырғанда құндық мәнде 10,5%-ға артық.
Өткен жылы сектордағы қызметтер көлемі 21,2 млрд теңгеге жетіп, бір жылда 19,6%-ға ұлғайды.
Қызметтердің 64,5%-ы Алматыға тиесілі, 15,1 млрд теңгеге тең. Бұл өткен жылғы көлемнен 4,1%-ға артық. Елордадағы қызмет жалпы көлемнің 18,6%-ын алады, ол 4,4 млрд теңге болды. Алайда бір жылда 10,2%-ға кем. Екі мегаполиспен бірге Шымкент те көлем бойынша алдыңғы қатарда. Ол 1,2 млрд теңгеге жетті, жылдық өсім 88,3%-ға тең.
Сектордағы қызметтердің ең аз көлемі Ұлытау, Ақмола және Қызылорда облыстарында байқалды: тиісінше 2,5 млн, 11,6 млн және 20,1 млн теңге болған.
Сектордағы қызметтердің 4,5%-ы тікелей кинофильм көрсету қызметтеріне тиесілі, ол10,4 млрд теңгеге жетті. Өткен жылмен салыстырғанда 3,2 есе көп.
35,8%-ды фильмдер мен бағдарламалар шығару қызметтері құрады. Ол 8,4 млрд теңгеге тең, бір жылда 29,9%-ға төмендеді. Фильмдер мен телебағдарламаларды тарату 4,2 млрд теңгеге жетті.
Сонымен қатар, фильмдер мен бағдарламаларды құруды аяқтау бойынша қызметтер көлемі 346,8 млн теңге, ал дыбыс жазу және музыкалық шығармаларды шығару саласындағы қызметтер көлемі 101 млн теңгеге жетті.
2022 жылы қазан айының қорытындысы бойынша кинотеатрлардың қызметтері бір жылда 10,1%-ға қымбаттады.
Ақмолада баға бірден 50%-ға өсті. Баға өсімі Ақтөбе (20,3%-ға) және Түркістан (18,2%-ға) облыстарында айтарлықтай байқалды.
Маңғыстау облысында бағалар өзгермеді, Шымкентте 2,8%-ға төмендеді.