Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Қазақстандағы кедендік баж салығы доллармен есептелетін болады

Қазақстан үкіметі Еуразиялық экономикалық одақ аясында кедендік төлемдерді жүзеге асыру кезінде ресей рублімен есеп айырысуға көшу туралы ақпаратқа түсініктеме берді, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

Еуразиялық экономикалық одақ туралы келісім мүше мемлекеттердің импорттық кедендік баждарды бір-бірінің бюджетіне алу және өзара аудару бойынша міндеттемелерін қарастырады.

Біріншіден үшінші елдерден келетін тауарлардан ұлттық валютада импорттық баж салығын алу, екінші әкелу баждарының алынған сомаларын белгіленген коэффициенттерге сәйкес бөледі. Артынша оларды АҚШ долларына айырбастау және одан кейін ЕАЭО-ға мүше мемлекеттерге жіберу жүзеге асырылады. 

"Ресей Федерациясына салынған санкцияларға байланысты мүше мемлекеттердің Ресей Федерациясы мен Беларуське импорттық кедендік баж салығын доллармен аударуы мүмкін емес. Ресей рублі Ресей Федерациясы мен Беларусь Республикасына импорттық кедендік баждарды кредиттеу және бөлу үшін ұлттық жөнелтуші банктердің бағамы бойынша пайдаланылады", - деп хабарлады үкімет.

Бұл ретте Қазақстан, Армения және Қырғызстанда жиналған импорттық кедендік баж салығы бұрынғыдай доллармен бөлініп, есепке алынады.

Талқылау