Қазақстандағы ең қарт адам туралы не белгілі
Қазақстандағы ең қарт адам – Ұлытау облысы, Жаңаарқа ауданы, Қызылжар ауылының тұрғыны Түймегүл Темірбаева. Биыл ақ жаулықты әже 114 жасқа толды. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

Түймегүл Темірбаева 1910 жылы 1 қаңтарда Жамбыл облысы Байқадам ауданында дүниеге келген. 15 немере мен 25 шөбере сүйіп отыр. Жолдасы Аязбай Темірбаев 96 жасында қайтыс болды.
Қазақстанда барлығы 100 жасқа толған 423 азамат тіркелген. Оның ішінде Түймегүл әже тізімнің басында тұр. Екінші және үшінші орындарды 112 және 110 жас аралығындағы Павлодар және Түркістан облыстарының тұрғындары иеленді.
Айта кетейік, бұған дейін Қазақстанда жасы 100 жастан асқан 420-дан астам қария барын жазған едік.
Екі күнде үш рет төтенше жағдайда қонды: Авиация сарапшысы қыс мезгілінде ұшудың қаншалық қауіпті екенін айтты
Абыл Кекілбаев төтенше қонулар авиакомпанияларға тек ерекше жағдайда ғана жасалатынын айтты
Қолданыста жүргеніне 50 жылдан асқан: Астанадан ұшқан қазақстандық ұшақтағы түсқағазды көріп жағасын ұстады (видео)
Желі қолданушысы: "Қатты дыбыстан құлақ бітіп қалды, ұшақ қирап қалатындай көрінді"