Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Қазақстандағы әр алтыншы жұпқа бедеулік диагнозы қойылған

Қазақстанда 29 мың әйел мен 4 мың еркек бедеулікке шалдыққан. Ал отбасылар арасында әр алтыншы отбасыға осы диагноз қойылған екен. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі 31-арнаның "Информбюро" бағдарламасына сілтеме жасап хабарлайды. 

бедеулік

Қазақстанда бедеулік бойынша көрсеткіш Еуропа елдеріне қарағанда жоғары. Статистикаға сәйкес бедеулікке көбіне әйелдер шалдыққан, себебі әйелдер ер адамдарға қарағанда дәрігерге көбірек жүгінеді. Сондықтан отбасылардың көбі ЭКО әдісін қолданады. Алайда бұл процесс қымбат болғандықтан, барлығының қолы жете бермейді. 

Орта есеппен елде ЭКО жасау бағасы 1-2 миллион теңге. Сәтпаев тұрғыны Алена Кабатаева 4 жыл сәби күтіп, соңында ЭКО арқылы егізді дүниеге әкеліпті. 

"Бізге ЭКО-ны квота арқылы жасауды ұсынды, біз бірден келісіп, бірінші талпыныстан-ақ балалы болдық. ЭКО алдындағы сараптамына өз қаржымызға өттік, ал бағдарлама кейін тегін болды", – дейді ол. 

Қазір елде ЭКО жасауға арналған "Аңсаған сәби" бағдарламасы бар. 2021 жылы іске қосылған бағдарлама квотасы бүгінде 7 есеге көбейтілген. Барлығы 21 мың адам жүгініп, 7 мың сәби дүниеге келген. 

Талқылау