Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар
Басты жаңалықтар

Қазақстанда жол жүру ережесі өзгермек

Қазақстанда жол жүру ережесі өзгертілмек. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды. 

Фото: speedcam.online

"Ашық НҚА" порталында ішкі істер министрлігінің жол қозғалысы ережелеріне өзгерістер енгізу туралы бұйрығының жобасы жарияланды. 

Жаңа өзгерістер электромобильдер мен олардың иелеріне қатысты:

- электр қозғалтқышымен жабдықталған және қозғалатын, батареялардан энергия алатын және тек сыртқы электр энергиясы көзін пайдалана отырып зарядталатын механикалық көлік құралдарына "электрмобиль" ұғымы енгізілді;

- электрлі автокөліктер қоғамдық автотұрақтар мен паркингтерде тұрақ ақысын төлеуден босатылады;

- көлігін зарядтау мақсатынсыз электр көліктері зарядталатын орындарда тұраққа қойғандарға айыппұлдар енгізіледі;


Қазақстандағы мопедистерге жүргізуші куәлігін алуға және мопедін тіркеуге алты ай уақыт берілді


"GAZ" және "электромобиль" сәйкестендіру белгілеріне қойылатын талаптар "Жол қозғалысын реттеудің техникалық құралдары" ұлттық стандартына сәйкестендірілді", – делінген хабарламада.

Сондай-ақ жаңа ережеге сәйкес, D санатындағы (қоғамдық көлік) жүргізуші куәлігін алу талаптары жеңілдетіледі. Жүк көліктерінің елді мекендерде рұқсат етілген жылдамдығы 50 км/сағ дейін төмендетілмек.

Заң жобасы 15 шілдеге дейін қоғамдық талқылауда болады.

Еске салсақ, бұған дейін Қазақстанда жүргізуші куәлігіне емтихан тапсыру ережесі өзгеретіні туралы жазған едік. 

Дана Русланқызы
Сенбі, 29 Маусым, 2024 12:02
Талқылау