Қазақстанда жылудың бағасы 25%-ға көтеріледі – министр
Энергетика министрі Алмасадам Сәтқалиев Қазақстанда коммуналдық қызмет тарифтері қаншалықты көтерілуі мүмкін екенін айтты, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

Энергетика министрі тарифтерді көтеру кезінде жеке тәсіл қолданылатынын атап өтті.
"Жылу рентабельсіз екенін ескерсек, тарифтер кем дегенде 25%-ға көтеріледі деп ойлаймын. Ал максимум үкімет реттейтін инвестиция көлеміне байланысты. Бірақ өсім бірден болмайды. Электр қуатының бағасы инвестициялардың көлеміне байланысты болады. Не электр энергиясының бағасы өседі, не Екібастұздағы жағдай қайталанады", – деді ол.
Алмасадам Сәтқалиев қазір алдағы үш-төрт жылда электр энергиясы тарифін 15 пайызға дейін көтеруді қарастырып жатқандарын атап өтті.
Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті бір киіз үйді 13,5 миллион теңгеге сатып алған
Алайда дәл осы кезеңде Қазақстанның басқа өңірлерінде киіз үйлер әлдеқайда төмен бағамен сатып алынып жатыр
"Сап-сау баламды мүгедек қылып алдым": Қазақстандық әйелдің көзінше баласы азелит ішіп, өңешін күйдіріп алған
Бүгінде баланың асқазанына гастростома қойылған, өздігінен тамақтана алмай қалғанда ас тікелей асқазанға стома арқылы енгізіледі