Қазақстанда жылдық инфляция 7,1 пайызды құрады
Ұлттық экономика министрі Руслан Дәленов үкіметтің отырысында соңғы алты айдағы жұмысты қорытындылады, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

Ұлттық экономика министрі Қазақстанның макроэкономикалық көрсеткіштері туралы жедел мәліметтер берді.
"Тауарлар өндірісі 2,1 пайызға өсті. Қызмет көрсету өндірісі 6,2 пайызға төмендеді. Бұл ретте ЖІӨ өсімі (жалпы ішкі өнім) 2,9 пайызға төмендеді. Экономиканың нақты секторында өсу жалғасуда: құрылыс, өндіріс, ауыл шаруашылығы", - дейді Дәленов.
Жылдық инфляция 7,1% құрады. Бұл күтілетін инфляция дәлізінен төмен (8-8,5%). Алайда, біршама оң үрдістер бар екенін түсіндірді министр.
"Қызметтер көлемінің төмендеуі және мұнай өндіру қарқынының жоспарланған төмендеуі байқалды. Бірақ импорт санының азаюына байланысты сауда балансы сақталады. Жылдық инфляция 7,1 пайызды құрады. Бұл күтілетін көрсеткіш", - деді министр.
Қолданыста жүргеніне 50 жылдан асқан: Астанадан ұшқан қазақстандық ұшақтағы түсқағазды көріп жағасын ұстады (видео)
Желі қолданушысы: "Қатты дыбыстан құлақ бітіп қалды, ұшақ қирап қалатындай көрінді"
Маска мен мұрын фильтрі алматылықтарды лас ауадан расымен қорғай ма: Мамандар құралдардың қайсысы тиімді екенін түсіндірді
Масканың көмегі болуы үшін оның FFP2 немесе N95 түрін таңдау керек