Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Қазақстанда жеңілдетілген тұрғын үй алушылар үшін ипотека мөлшері 2%-ға дейін төмендетіледі

"Отбасы банк" ипотекалық несие алушылар үшін бастапқы жарнаны төмендетеді. Бұл туралы ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрі Бейбіт Атамқұлов мәлімдеді, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

"Отбасы банк" АҚ ипотекалық бағдарламалары аясында кезекте тұрғандар үшін бастапқы төлем тұрғын үй құнының 10%-ына дейін төмендетіледі. Жеңілдетілген несие мөлшерлемесі отбасының табысына байланысты жылдық 2% және 5% болады", – деді ол үкімет отырысында.

Тұрғын үй жағдайын жақсарту үшін зейнетақы жинақтарын пайдалану ережелері жинақтарды жеткіліктілік шегінен асатын жинақтаудың бір бөлігін кейіннен тұрғын үй сатып алу үшін "Отбасы банкінің" шотына аударуға мүмкіндік беру үшін өзгертіледі. 

Тұрғын үй салушыларды қолдау мақсатында мемлекеттік-жекеменшік әріптестік пен үлестік құрылыстың әлеуетін белсенді пайдалана отырып, жобаларды қаржыландыру механизмі енгізілетін болады.


Елімізде зейнетақының бір бөлігін "Отбасы банкіне" аударуға рұқсат берілмек


 

Талқылау