Қазақстанда жемқорлықпен сотталғандарға депутаттық сайлауға қатысуға тыйым салынбақ
Фото: Ru.freepik.com
Конституциялық реформа комиссиясының отырысында сенатор Нұрлан Бекназаров жемқорлықпен сотталғандарға депутаттық сайлауға қатысуға тыйым салу туралы ұсыныс айтты. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
Сенатордың айтуынша, сайлау мен референдумдарға сот шешімімен әрекетке қабілетсіз деп танылған азаматтар, сондай-ақ қамауда жазасын өтеп жатқан адамдар қатыспауы тиіс.
Сонымен қатар Нұрлан Бекназаров мынандай ұсыныс айтты:
- Жазасы жойылмаған немесе өтелмеген азаматтар;
- Сот арқылы жемқорлық қылмысына кінәлі деп танылған тұлғалар депутаттыққа сайлана алмайды.
Сенатордың пікірінше, бұл норма қоғамдық сұранысқа жауап береді және мемлекеттік лауазымға сайлануға ниетті үміткерлерге қойылатын талаптарды күшейтуге бағытталған.
- Биліктің жаңа моделі: Қазақстанда вице-президент пен Құрылтайдың міндеті қандай болмақ
- Қазақстанда Вице-президентке қандай өкілеттік берілетіні айқындалды
Бұған дейін депутат қандай жағдайда Құрылтайдағы мандатынан айырылатыны туралы жазған едік.
Бір аптада жүріп-тұрудан әрі сөйлеуден қалған: Қазақстандық қыз қызылша салдарынан ауыр дертке шалдықты
Анасының айтуынша, қызы қызылшаға қарсы екпені бір жасында және алты жасында алған
Алғашында ММА жаттығулары үшін Қазақстанға келген француз қыз елде қалып, қазақ тілін үйренуді шешкен
Нина: “Маған көбі орысша үйренуге кеңес берді, бірақ құрмет үшін қазақ тілін таңдадым”