Қазақстанда жедел жәрдем қызметінің жұмысы өзгереді
Қазақстанның денсаулық сақтау министрлігі "Жедел медициналық көмек көрсету, оның ішінде медициналық авиацияны тарта отырып көмек көрсету қағидаларын бекіту туралы" бұйрыққа өзгеріс енгізді, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

Жедел жәрдем бригадасына алғашқы көмек көрсету бойынша кәсіби дайындық курсынан өткен қызметкер қосылды. Ол науқастарға қосымша көмек көрсете алады.
100 мыңнан астам тұрғыны бар моноқалаларда әкімдіктердің шешімі бойынша дербес жедел жәрдем станциялары ұйымдастырылады. Бұл ретте қарқынды терапия дәрігерлер бригадаларының саны бригадалардың жалпы санының кемінде 25%-ін құрауы керек.
Айта кетейік, қазір елімізде 1500-ге жуық жедел жәрдем бригадасы жұмыс істейді, оның 18%-і арнайы бригадалар.
Сондай-ақ жедел жәрдем станцияларына медициналық ақпараттық жүйелердегі деректерді қарауға рұқсат беріледі.
Қазақстанда киіз үй бағасы 200 мыңнан 1,8 миллион теңгеге дейін: Оны кімдер сатып алады?
"Өзін құрбан ету үшін "айналайын" деп дауыстаған": Қазақтың қандай салт-дәстүрі мен ұғымдары ұмыт болды
Тарихшы: "Ауру адамды киіз үйдің ортасына жатқызып, қарт кісі үш рет айналып, есікке келгенде “айналайын” деп дауыстайды"