Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Қазақстанда жаңа жылдан бастап өрт сөндірушілердің жалақысы 40% көтеріледі

Төтенше жағдайлар министрі Юрий Ильин Үкімет кулуарында келер жылдан бастап өрт сөндірушілердің айлығы өсуі мүмкін екенін айтты, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі. 

Министр “қазір өрт сөндірушілердің орташа жалақысы қанша және қашан көтеріледі?" деген сауалға жауап берді. 

"Біріншіден, біз бұл мәселені көтере бастағанда, 2019 жылы айлығымыздың 65%, одан кейін 10% және биыл 3% көтерілгені сөз болды. Бір қарасаң, өте жоғары көрсеткіш сияқты. Бірақ, сол 2019 жылы жұмысқа жаңа кіріскен өрт сөндіруші 65 мың теңге алатын. Қазір еңбек өтілінсіз, үстемеақысыз, таза айлық – 109 мың теңге", - деді ведомство басшысы.

Оның сөзінше сала мамандарының айлығы бастапқыда қазіргіден 40 пайыз көтерілмек.

"Қазір Мемлекет басшысының және Премьер-Министрдің тапсырмалары бойынша Ұлттық экономика министрлігімен бірге айлықты тым болмаса 40 пайыз көтеру мәселесін пысықтап жатырмыз. Егер іске асса, жаңа жылдан бастап қызметкерлеріміздің айлығы өседі", - деді Юрий Ильин.

Талқылау