Қазақстанда жаңа туған нәресте коронавирустан көз жұмды
Қазақстанда коронавирустан жаңа туған нәресте көз жұмды, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі Sputnik Қазақстанға сілтеме жасап.

Баланың туылғанына небәрі 11 күн болған. Оған инсульт, жүректе қанның ұю диагнозы қойылды.
Нұр-Сұлтан педиатрлар қауымдастығының жетекшісі Сагира Әбдірахманова қиын жағдай туралы айтып берді.
"Біз 11 күндік нәрестеден айырылып қалдық. Себебі анасы жүктіліктің 39-шы аптасында инфекция жұқтырған. Босанғаннан кейін 5-ші күні балада өте ауыр клиникалық белгілер байқала бастады. Балада мидың зақымдануы болған. Яғни балада инсульт дамыған. Артынша біз баланың жүрек қантамырларында тромб қалыптасқанын байқадық", – деді педиатр.
Дәл осындай белгілері бар екінші бала да қазір ауруханада жатыр. Оның туылғанына небәрі 20 күн болған.
"Роллтонның" орнына бешбармақ: Атырау тұрғыны ұлттық тағамды 5 минутта дайындау жолын тапты
Кәсіпкер үшін бешбармақ – тек тез дайындалатын тағам емес
1 миллион теңге айлық, пәтер мен қызметтік көлік: Мемлекет Құрылтай депутаттарына қандай жағдай жасайды
Құрылтай мен бұрынғы Парламент арасында қандай айырмашылық бар