Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Құрғақшылық пен астықтың шықпауы: Қазақстанда жақын арада қандай азық-түлік түрі қымбаттауы мүмкін

Қазақстанда астық шықпай, жанармай бағасының көтерілу есебінен күнделікті тіршілікте маңызы бар азық-түлік тауарларының бағасы көтерілген. Қазақстанда жақын арада қандай өнімдер мен тауарлар бағасы қымбаттайды? Stan.kz редакциясы ұсынған материалдан оқыңыз.

Нарықтағы бағасы көтерілген негізгі тауарлар қатарында ұн, нан, макарон өнімдері, ет т.б өнімдер бар.

Ұн, нан, 

Құрғақшылықтың салдарынан Қазақстанның астық алқаптарында егіс көлемі айтарлықтай азайған. Мәселен, Батыс Қазақстан облысында былтырғымен салыстырғанда бидай екі есе аз жиналған.

Ұнның бірінші сұрыпы келісіне 200 теңгеге жеткен, бұл жаздағы көрсеткішпен салыстырғанда 70 теңгеге жоғары.

Әкімдіктер әлеуметтік маңызы бар тауар ретінде нанның бағасын өсірмеуге тырысып отыр. Соның өзінде еліміздегі бірқатар қалада оның бағасы 10-15 теңгеге өсіп үлгерген. 


Қазақстанда нан қымбаттайды 


Макарон өнімдері

Дәнді дақылдардың жетіспеушілігінен ұн мен наннан басқа макарондар бағасы да көтеріледі. Макарон өнімдерін өндірушілер бидайдың қатты сұрыптарының дефицитімен бетпе-бет келді. Сондай-ақ шикізат бағасының көтерілуі де бар. Қазақстандағы макарон өндірісі осы жылы 13%-ға төмендеді.  Ал бағасы 11%-ға өскен. Мамандардың айтуынша, баға ары қарай да өсе береді.

Ет

Малдың жем-шөбінің қымбаттауынан шаруашылық иелері малды сатып жатыр, сондықтан ет бағасы әзірге тұрақты болады. Алайда бұл процесс аяқталған соң, ет бағасы қараша айының соңында өседі. Сарапшылар пікірінше, бір киллограм ет – 300-400 теңгеге, не оданда қымбат бағаға жетеді.

Қарақұмық

Жаз айынан бері қарақұмық өндірушілер жарманың бағасы көтерілетінін болжаған. Оның себебі құрғақшылық пен шикізатты экспорттауға байланысты туындағы жетіспеушіліктен. 

“Қарақұмықтың бағасына соңғы екі-үш жылдағы астықтың дұрыс шықпауы себеп. Жылдан жылға қалып отыратын қалдық өнімдердің жоқтығы мен соңғы уақытта күшейтілген экспорттық саясатта бар. Яғни көп бөлігі экспортқа кетеді, көбі сатылады”, – дейді қарақұмық жармасын өндіретін кәсіпорынның директоры Дмитрий Тюменев.

Осылайша, қарақұмық бағасы келісі үшін 700 теңгеге жетеді деп болжануда.


Қазақстанда тұрғын үй бағасы 30%-ға дейін қымбаттауы мүмкін 


Жұмыртқа

Жұмыртқаның бағасы бүгінде бидай бағасымен теңескен. Сонымен бірге 2022 жылдан бастап мемлекет жұмыртқа өндірушілерге субсидия төлемейтін болады. Өндірушілердің мәліметінше, Қазақстанда он шақты жұмыртқа бағасы 700 теңгеге жетуі мүмкін.                    

Картоп

Сарапшылардың айтуынша, былтыр картоптың көтерме бағасы бір килограмм үшін шамамен 80 теңгеге жетті. Ал биыл тауардың бағасы бірден 40%-ға өсіп, алғаш рет 100 теңгеден асты.

Мұндай өзгерістің себебін отын, тұқым және электр энергиясының қымбаттауымен байланысты. Бүгінде базарларда картоп келісі 125-135 теңгеден сатылады. Бірақ бұл бағалар ұзақ уақытқа созылмайды, себебі көкөністерді негізінен оларды сақтайтын жері жоқ адамдар сатады.

Осы ретте әкімдіктер тұрақтандыру қорларына көбірек картоп сатып алуға уәде беріп отыр. Бұл бағаны ұстап тұруға көмектеседі, алайда қалай болғанда да картоп бағасы қымбаттайды деп болжануда. Көктемде бір килограмм картоптың құны 300 теңгеге дейін көтерілуі мүмкін.

Талқылау