Қазақстанда заңдастырылмаған көліктердің "тағдыры" қалай шешіледі – ІІМ түсіндірді
Ішкі істер министрлігі Әкімшілік полиция комитеті төрағасының міндетін атқарушы Қайсар Сұлтанбаев шетелдік көлігін заңдастырмаған азаматтарға не істеуге болатынын түсіндірді, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

Орталық коммуникациялар қызметінің брифингінде Қайсар Сұлтанбаев журналистердің сұрағына жауап беріп, Қазақстанда заңдастырылмаған шетелдік көліктердің шарадан кейінгі “тағдыры” қалай шешілетіні жайлы айтты.
"Заңдастырудан өтпеген көліктердің иелері қайтадан әкелген еліне шығаруы керек болар немесе бөлшектеп, қосалқы бөлшек ретінде сатып құтылатын шығар. Мен басқа жолын көріп тұрған жопын", – деді ІІМ өкілі.
Еске салайық, бұған дейін Ішкі істер министрлігі шетелдік көліктерді заңдастыруға қатысты көпті алаңдатқан сұрақтарға жауап берген еді. Қайсар Сұлтанбаевтың сөзінше, Парламент Салық кодексіне алғашқы түзетулерді қабылдаған. Заңдастыруға жататын көліктерді тіркеу үшін төленетін алым 200 мың теңге деп белгіленген.
Асханасы мен спортзалы жоқ, от жағады: Қазақстанның кейбір өңірінде ауыл балалары адам шошырлық мектептерде оқып жүр
Тұрғынның сөзінше, мектептің қабырғалары жарылып, едені шіріп кеткен, жауын-шашынды күндері төбеден су ағады
Мектеп бітіру кешінде шампур тығып алған: Алматы облысында Әлібидің өліміне күдікті жасөспірім 10 жылға сотталды
Аталған қылмыстық іс жабық сот отырысында қаралды