"Қазақстанда вакцинацияға наразылық білдірген дәрігерлер жаппай жұмыстан шығуда": Министрлік түсіндірді
Желі қолданушыларын қазақстандық және ресейлік дәрігерлер COVID-19 қарсы вакцинацияға наразылық білдіріп, жаппай жұмыстан шығып жатыр деген хабар алаңдатуда. ҚР денсаулық сақтау министрлігі бұл ақпаратты жоққа шығарды, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі Stopfake басылымына сілтеме жасап.

Ведомствоның хабарлауынша, Қазақстанда дәрігерлердің жаппай жұмыстан кету үрдісі байқалмайды.
"Бұл ақпарат шындыққа жанаспайды. Дәрігерлер ерікті түрде вакцинацияланады, біз ешкімді мәжбүрлемейміз. 22 ақпандағы жағдай бойынша "Спутник-V" вакцинасының бірінші компонентімен 20 195, екіншісімен – 2 138 медицина қызметкері егілді", – деп хабарлады министрліктен.
Ресейде де дәрігерлер мен медицина қызметкерлерінің жаппай жұмыстан кетуі туралы хабарланған жоқ.
Аспаннан ақша шашылса немесе көшеден ақша тауып алсаңыз, оны бірден иемденуге бола ма
Заңгер табылған ақшаны ешкімге хабарламай алып кету заңды әрекет емес екенін айтады
Қазақстанда рейс кешіксе, жолаушы не істеуі керек және өтемақыны қалай алады
Рейс 5 сағаттан астам кешіккен жағдайда жолаушы ұшудан бас тартып, билет құнын толық қайтаруды талап ете алады
