Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Қазақстанда үйден шықпай-ақ әскери қызметке орналасуға өтініш беруге болады

Елімізде сервис арқылы үміткер армиядағы бос жұмыс орындарын тауып, оларға құжаттар тапсыра алады. Тиісті құжат "Ашық НҚА" порталында жарияланды. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

Фото: Қорғаныс министрлігінің баспасөз қызметі

Порталда жобаны қорғаныс министрлігі мен цифрлық даму министрлігі бірлесе отырып, әзірлеп жатқаны айтылды.

"Арнайы сервис арқылы үміткер армиядағы бос жұмыс орындарын тауып, оларға құжаттар тапсырады (сервис басқа мемлекеттік дерекқорлармен байланыстырылғанша, құжаттарды PDF форматта қоса беруге тура келеді, содан кейін жүйені оңайлату жоспарланған) және өтінімге электронды цифрлық қолтаңба (ЭЦҚ) көмегімен қол қойылады деп болжанады", – делінген құжат мәтінінде.

Сөйтіп үміткер өтініштің статусы туралы өзгерістерді SMS арқылы алады. Ал қорғаныс министрлігі өтінішті алдын ала мақұлдаса, үміткер туралы деректер осы адам тұратын аймақтың медициналық комиссиясына беріледі. Өтініш беруші сол жерден тексерістен өтеді. 

Ол іріктеудің барлық кезеңінен сәтті өтсе, Қорғаныс министрлігі үміткерге электрон қолтаңба арқылы қол қоя алатын келісімшарт жасасу туралы келісімді жібереді", – делінген порталда.

Айта кетейік, бұйрық жобасы 1 шілдеде жарияланды және оны талқылау 16 шілдеге дейін жалғасады.



Еске салайық, бұған дейін Алматыдағы қорғаныс министрлігіне тиесілі оқу орнында мемлекет есебінен оқыған әскери қызметкер өз оқуына кеткен ақшаны мемлекетке қайтаруға тиіс екенін жаздық. Алматы гарнизонының әскери сотында қорғаныс министрлігінің "Алматы облысының қорғаныс істері департаменті" республикалық мемлекеттік мекемесінің есебінен К-ны оқытуға кеткен 645 534 теңге бюджет қаражатын мемлекетке қайтару туралы арызы қаралды. Айыпталушы К 2019-2021 жылдар аралығында құрлық әскерлерінің әскери институтында оқыған.

Талқылау