AAPL
149.64 $
4.08 %
TSLA
759.63 $
7.33 %
NDAQ
155.64 $
3.12 %
GOOGL
2246.33 $
4.2 %
FRHC
42.55 $
3.15 %
AAPL
149.64 $
4.08 %
TSLA
759.63 $
7.33 %
NDAQ
155.64 $
3.12 %
GOOGL
2246.33 $
4.2 %
FRHC
42.55 $
3.15 %
Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Қазақстанда утилизациялық алым айтарлықтай төмендейді

Қазақстанда утилизациялық алым ставкасы айтарлықтай төмендейді. Бұл туралы үкімет басшысы Әлихан Смайылов мәлімдеді, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі. 

"Автокөлік пен ауыл шаруашылығы техникасынан алынатын утилизациялық алым ставкасын әжептәуір төмендету көзделіп отыр", - деді Смайылов үкіметтің кеңейтілген отырысында.

Сонымен қатар, премьер қоршаған ортаны ластайтын заттарды төмендетуге, қалдықтар мен су ресурстарын басқару жүйесін, жетілдіру, көлдерді қалпына келтіруге бағытталған шараларды жүзеге асырылып жатқанын атап өтті.

Бұдан бөлек, айтуынша, технологиялық қажеттіліктер үшін тұщы суды тұтынуды азайту, қоқыс орындарының санын қысқарту шаралары жүргізіледі.

Елордада мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың төрағалығымен үкіметтің кеңейтілген отырысы өтіп жатыр. Жиын барысында Қазақстанның былтырғы әлеуметтік-экономикалық дамуының қорытындылары туралы есеп беріледі және үкіметтің 2022 жылға арналған іс-қимыл жоспары қарастырылады.

Талқылау
Пікір
Қазір оқып жатыр
Қазір оқып жатыр