Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Қазақстанда тұрғылықты жері бойынша тіркелмегендерге айыппұл салынады – Ішкі істер министрлігі

Ішкі істер министрлігі тұрғылықты жері бойынша тіркелмегендерге айыппұл салынатынын айтты, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі Polisia.kz. порталына сілтеме жасап. 

Ішкі істер министрлігінің дерегінше, тұрғылықты жері бойынша ресми тіркеусіз тұру фактілері жиілеп кеткен.  

“Заң бойынша әрбір азамат жеке тұрғын үй болсын, жалға берілетін немесе тұрақты тұратын басқа тұрғын үй болсын, өзі тұратын жерде тіркелуі керек. Әйтпесе, тұрғылықты жері бойынша тұрақты тіркеуі жоқ адамдарға кейбір мемлекеттік қызметтерді пайдалану кезінде шектеулер қолданылады", – дейді ІІМ көші-қон қызметі комитеті төрағасының міндетін атқарушы Аслан Аталықов.

Оның айтуынша, азаматтардың тұрғылықты жері бойынша тұрақты немесе уақытша тіркеусіз тұрғаны үшін Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодекстің 492-бабында 7 АЕК мөлшерінде айыппұл салуға дейін жауапкершілік көзделген. Бүгінгі күні оның көлемі 21 мыңнан теңгеден асады.

"Меншік иесі сізді тіркеуден шығарып тастаған жоқ па, үнемі тексеріп отырыңыз. Тіркелген жеріңізді қараңыз. Егер сіз тұрғылықты жеріңізді өзгерткен болсаңыз, онда жаңа тұрғылықты мекенжайға тіркелуіңіз керек. Бұл басқа қаладан келген студенттерге де қатысты. Сіз өзіңіздің оқу орныңызға тіркелуіңіз керек. Мұны мүмкіндігінше тез жасаңыз", – дейді Аталықов.

Өте қарапайым тәсілдермен тіркеліп, оны тексеріп отыруға болады:

  • Халыққа қызмет көрсету орталығының кез келген бөлімшесіне жеке куәлікпен барып, сол жерде келісім беру үшін тұрғын үй иесінің қатысуы жеткілікті.
  • Азамат тұрғылықты жері бойынша "электронды үкіметтің" egov.kz интернет-порталы арқылы тіркеуге өтініш бере алады, үй иесі де сол портал арқылы келісім береді.
  • Ішкі істер министрлігі тұрғылықты жері бойынша тіркелудің тағы бір жеңіл әдісін Halyk Bank-пен бірлесіп жүзеге асырды. Ол үшін App Store мен Play Market-тен банктің мобильді қосымшасын жүктеу керек. Жеке басын куәландыруды растау, тіркеу иесінің келісімі sms-пароль арқылы жүргізіледі. Тіркеу процедурасы шамамен бір минут уақыт алады.
Талқылау