Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Қазақстанда түрмедегі кездесулерге тыйым салынды

Қылмыстық-атқару жүйесі мекемелерінде коронавирустық инфекцияның жаңа штамдарының пайда болуына байланысты карантиндік шаралар күшейтіледі, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

"Қазақстан Республикасының бас мемлекеттік санитариялық дәрігерінің №32 қаулысына сәйкес, сырқаттанушылар көрсеткіші жоғары өңірлерде сотталушылармен ұзақ және қысқа мерзімді кездесулерге тыйым салынды", – дейді комитет мамандары.

Қылмыстық атқару жүйесіне қарасты мекемелерде қамауда отырғандар телефонмен сөйлесу, сондай-ақ бейнекездесу қызметін қолдана береді.

"Бүгінгі күні сотталғандар мен тергеудегілер қажетті дәрі-дәрмектермен қамтамасыз етілген. Коронавирустық инфекцияның жаңа штаммының таралуына жол бермеу мақсатында желдету, бөлмелер мен кабинеттерді кварцтау, сондай-ақ маска режимін сақтау шаралары күшейтіліп отыр", – делінген ресми хабарламада.

Алайда қаулыда көрсетілген шектеулер сотталғандарды этаппен алып жүруге жататын мекемелердің ұжымына қолданылмайды. Бұдан бөлек, қауіпсіздігі барынша төмен мекемелерде жазасын өтеп жүргендер вакциналаудың толық курсын алған жағдайда түрмеден тыс жұмыс нысандырына жіберіледі.

"Ұзақ және қысқа мерзімді кездесулерге рұқсат елдегі эпидемиологиялық ахуалдың тұрақтануына қарай берілетін болды", – дейді комитет қызметкерлері.

Талқылау