Қазақстанда түрмеде жазасын өтеушілердің формасы өзгертіледі
Қазақстанда түрмеде жазасын өтеушілердің формалары өзгеретін болады, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

Бұл туралы Ішкі істер министрлігінде өткен брифингте Орталық Азиядағы PRI Халықаралық түрме реформасы бюросы директорының орынбасары Жанна Назарова айтты.
Жазасын өтеушілердің формасы бір тон ашық түсте болады.
«Түрмедегі формалар қара түсте. Оңтүстік өңірлерде мұндай киімдерді күннің ыстығында кию киіп өте қиын. Сол себептен форманы бір тон ашық түске өзгертуді шештік. Ендігіде форманың түсі ашық түсте болады», – дейді Жанна Назарова.
Оның сөзінше, түрмеде жазасын өтеушілер мен олардың туыстарынан форманың түсін өзгерту туралы ойға қалай қарайтындарын сұрау керек. Осы жайында тергеу изоляторында сауалнама жүргізілетін болады.
2026 жылы қазақстандықтар пәтер жөндеуге қанша қаражат жұмсайды
Алғашқы баспанасын қара сылақ күйінде сатып алған 25 жастағы Нұрсұлтан жөндеу жұмыстарына өзі араласқан
Ресейлік қыз қазақ отбасына келін болып түсті: Ол Қазақстан жайлы көзқарасы қалай өзгергенін айтты
Алена: “Қой бауыздайтындары әлі таңғалдырады, ал шашу мен құдалық ұнады”