Қазақстанда туыстар бір мемлекеттік органда жұмыс істей алмайтын болды
ҚР cыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі төрағасының бірінші орынбасары Бектенов Олжас Абайұлы онлайн брифинг барысында сыбайлас жемқорлықты болдырмау үшін мемлекеттік органдарда жасалатын бірқатар шараларға тоқталды, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

"Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес туралы" заңда және басқа бірқатар заңдарда мемлекеттік функцияларды орындауға уәкілетті адамдар мен оларға теңестірілген адамдар жақын туыстарының, ерлі-зайыптылардың немесе құда-жекжаттардың лауазымдарына тікелей бағынатын лауазымдарды атқара алмайды. Яғни, мемлекеттік мекемеде бір-бірінің қарамағында жұмыс жасай алмайды. Сонымен қатар, мемлекеттік қызметке үміткер адамның туысы немесе күйеуі және әйелі сол мекемеде жұмыс істейтін болса, алдын ала ресми түрде басшылыққа хат жазып, ескерту жасауы керек", - дейді
Осылайша, Қазақстанда сыбайлас жемқорлық мәселесі бір сатыға азаймақ.
Еске салсақ, Тоқаев шенеуніктерге сыйлық беруге тыйым салатын заңға қол қойды.
"Аяғыма оқ тиіп, кестіруге мәжбүр болдым": Сынаққа сынбаған Паралимпиада чепионы Ербол Хамитов жайлы не білеміз?