Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Қазақстанда төрт жаңа әуежай салынады

Қазақстанның көлік министрлігі төрт жаңа әуежай салу мен үш әуежайды жөндеу мәселесін талқылап жатыр. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды. 

Фото: ашық дереккөз

Кеше көлік министрі Марат Қарабаев елімізде шағын авиацияны дамыту мәселелері бойынша кеңес өткізді.

Жиынға Абай, Ұлытау, Жетісу, Шығыс Қазақстан, Қарағанды және Қостанай облысы әкімдіктерінің, "Жетісу" және "Оңтүстік аспан"  әуе компанияларының, сондай-ақ Үшарал, Үржар және Зайсан әуежайларының өкілдері қатысты.

Кеңес қорытындысы бойынша көлік министрлігінің басшысы Үржар, Үшарал, Зайсан, Қатонқарағай, Қарқаралы, Ұлытау және Арқалық қалаларында әуежай салу және жаңғырту мәселелерін қарауды, сондай-ақ шағын авиацияны дамыту жұмысын жалғастыруды тапсырды.

Өткен жылдың соңында Қазақстан үш әуежайды шетелдік инвесторларға сенімгерлік басқаруға беру туралы келіссөздер жүргізіп жатқаны белгілі болды. Жалпы қазақстандық әуежайларды жаңғыртуға 2 млрд 400 млн доллар жеке инвестиция, оның ішінде шетелдік инвестиция тарту жоспарланған.

Сәуір айында елорда әуежайының ұшу-қону жолағы мен әуе айлағына күрделі жөндеу жұмыстары басталатынын еске сала кетейік. Күрделі жөндеу жұмыстары, алдын ала жоспар бойынша, 12 айға созылады.


 

Талқылау