Қазақстанда теңге депозиттері бойынша максималды пайыздық ставка көтеріледі
Қазақстанның депозиттерге кепілдік беру қоры теңгедегі жинақ салымдар бойынша максималды ставканы арттырады, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

Қазақстанның депозиттерге кепілдік беру қоры теңге депозиттері бойынша 2022 жылдың маусым айына ұсынылатын ең жоғары сыйақы мөлшерлемесін бекітті.
3 және 6 айға арналған мерзімсіз, мерзімді және жинақ депозиттер, сондай-ақ 12 және 24 айға арналған мерзімді депозиттер бойынша максималды мөлшерлеме өзгеріссіз қалды және мамыр айындағы деңгейде сақталды.
- Песков: Путин мен Тоқаев Қазақстанның ЕАЭО және Кедендік одақтан шығуын талқылаған жоқ
- Қазақстанда кепілсіз несие бойынша пайыздық мөлшерлемені азайту ұсынылды
12 және 24 айға арналған жинақ депозиттер бойынша максималды мөлшерлеме депозит нарығының осы сегментінде орташа өлшемді нарықтық ставканың өсуіне байланысты сәйкесінше 0,1 пайыздық тармаққа және 0,2 пайыздық тармаққа жоғарылады.
Еске сала кетсек, 25 сәуірде Ұлттық банк базалық мөлшерлемені 14 пайызға дейін көтерген болатын.

Жаңа салық кодексі әлеуметтік кәсіпкерлерді жеңілдіктерден айырды – Тапсырыс жоқ, қарыз көбейді
Эмин Аскеров: "Қызметкерлердің тағы 10%-ын толық емес жұмыс күніне ауыстырдық"
Шетелдіктерге қазақ тілі тесті қаншалықты қиын: ВНЖ-ны кімдер ала алады?
Тест онлайн форматта ҚАЗТЕСТ жүйесі арқылы өткізіледі