Песков: Путин мен Тоқаев Қазақстанның ЕАЭО және Кедендік одақтан шығуын талқылаған жоқ
Ресей президенттері Владимир Путин мен Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев телефон арқылы сөйлесу барысында Қазақстанның ЕАЭО мен Кеден одағынан шығу мәселесін талқыламаған. Бұл туралы Ресей президенті баспасөз хатшысы Дмитрий Песков мәлімдеді, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі ТАСС-ға сілтеме беріп.

Песков журналистерге Қазақстанның ЕАЭО Кеден одағынан шығу тақырыбы күн тәртібінде тұр ма деген сұраққа “жоқ” деп теріс жауап берді.
Қазақстанның ЕАЭО ортақ кеңістігінен шығуы мүмкін деген қауесет Ресейдің Украинаға басып кіруінен соң басталғаннан кейін БАҚ-та пайда болды. Бұл туралы кейбір сарапшылар да айтып жатыр.
- Львовтағы бомбапанаға қарай жүгіріп бара жатқан Анджелина Джоли видеоға түсіп қалды
- Мамандар 4 мамырда Ресейде дефолт орнайтынын болжауда: Бұл Қазақстанның экономикасына қалай әсер етпек?
Қазақстандық саясаттанушы Досым Сәтбаев CFO Summit 2022 халықаралық форумында Нұр-Сұлтанның ЕАЭО-ға қатысуын тоқтатып, одан кейін толықтай шығуды ұсынды.
Бұған дейін Песков ҰҚШҰ елдерінің мерейтойлық саммиті өтетінін хабарлаған, бірақ оның нақты мерзімін жариялаудан бас тартқан.
Алматыда 7 жастағы баланы сарышаян шағып алған: Ауруханада оған қарсы вакцина табылмады
Алматы қаласында мектеп оқушысын сарышаян шағып алды.
Канье Уэсттің концертіне 280 мың теңгеге билет алған қазақстандық кейін арзан билеттердің пайда болғанына наразы
Freedom Афиша: "280 мың теңгенің бөлек баға санатына кіреді, ал 120 мың теңге – трибунадағы басқа жерде орналасқан орындардың баға санаты"