Львовтағы бомбапанаға қарай жүгіріп бара жатқан Анджелина Джоли видеоға түсіп қалды
Голливуд актрисасы Анджелина Джоли Украинаның Львов қаласына келген. Қалада жүргенде актриса әуе шабуылы туралы ескертуге тап болған, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі Страна басылымына сілтеме жасап.

Америкалық киножұлдыз вокзалда босқындармен сөйлесіп тұрған кезде дабылдың дыбысы естілген.
Оның айналасында көптеген ерікті болды, олар Джолиге қайда жасырыну керектігін айтқан. Актрисадан “дабылдан қорқып тұрсыз ба” деп сұрағанда, Джоли бәрі жақсы екенін айтып жауап береді.
Жолда жүгіріп келе жатқанда ерлердің бірі онымен селфи жасамақ болған.
Еске салсақ, бұған дейін Анджелина Джоли Львов кофеханаларының біріне кірген. Актриса Украинаға БҰҰ-ның арнайы өкілі ретінде келген.
Львовтағы вокзалда Джоли еріктілер мен босқындармен кездесті.
"Мәйіттің арқасы көгерген": ҚазҰУ-да жатақханадан өлі табылған студенттің анасы қызының өліміне қатысты күмәнін айтты
Қыздың анасы қызының өліміне қатысты барлық мән-жайдың анықталып, шындықтың ашылғанын қалайтынын айтты
Қара түтінге шағымданған алматылыққа зертханалық сараптаманы өзі жүргізу талап етілген
Ғимарат Қарасу шағын ауданында орналасқан