Қазақстанда Telegram қосымшасы жұмыс істемей қалды
Бірнеше елдің, соның ішінде Қазақстанның Telegram қолданушылары мессенджердің дұрыс жұмыс істемейтіндігін мәлімдеген, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

Бұл туралы Downdetector танымал интернет ресурстарындағы олқылықтар мен үзілістерді бақылайтын сайт анықтаған.
Порталдың хабарлауынша, мессенджер жұмысындағы үзілістер шамамен 11.41-де басталды (Нұр-Сұлтан уақытымен). Telegram ақауларының ең көп саны Ресейде, Нидерландыда, Қазақстанда және Бразилияда тіркелген.
Шағымдардың көп бөлігі мессенджерге қосыла алмау (94%) және хабарлама жіберудегі қиындықтар (5%) жайлы болған.
Telegram - көптеген форматтағы хабарламалар мен медиа-файлдарды алмасуға мүмкіндік беретін мессенджер.
Қазақстандықтар круизбен әлем аралаймыз деп сотталған әйелге алданып қалған
Жаннаның өзі де InCruises-ке құдағиының шақыруымен барған
"1,5 миллион теңге сұрайды": Қазақстандық желі қолданушылары "7-20-25" бойынша үй кезегіне күмән келтірді
Кей азаматтар ипотекалық брокерлер арқылы кезекті жылдамдатуға болатынын, мұндай "қызметтің" құны кемінде 1,5 млн теңгеден басталатынын айтуда