Қазақстанда жазғы дәмханалардың жұмыс кестесі қысқартылды
Денсаулық сақтау министрі Алексей Цой ведомство ашық алаңдары бар нысандардың жұмыс уақытын ұзартуға мүмкіндік бергенін мәлімдеді, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

"Министрлік ашық аспан астында жұмыс істейтін нысандарда спорттық іс-шаралар өткізу, балаларды сауықтыру ұйымдарының қызметі тұрғысынан әлеуметтік-экономикалық нысандардың жұмыс уақытын ұзарту туралы шешім қабылдады. Бұл критерилерге жаңа нысандар енгізілді. Олардың қатарында жазғы дәмханалар, қоғамдық тамақтану орындары бар", - дейді министр.
Оның айтуынша, "қызыл" аймақтағы ашық алаңдары бар нысандардың жұмыс уақыты 9:00-ден 20: 00-ге дейін, "сары" аймақтағы өңірлерде сағат 07:00-ден түн ортасына дейін, "жасыл" аймақтағы нысандарға 07:00-ден 02-ге дейін жұмыс істеуге рұқсат етілген.
Көшеде тамақтануға және демалуға шектеу қойылмайды.
Үндістаннан келген қазақстандықтар екі апталық карантинге жатқызылады
"Аяғыма оқ тиіп, кестіруге мәжбүр болдым": Сынаққа сынбаған Паралимпиада чепионы Ербол Хамитов жайлы не білеміз?
Ербол Хамитов Қазақстан тарихында Паралимпиада ойындарында топ жарған алғашқы спортшы атанды
"4 миллион теңге күйіп кетті": Мерекеде қызғалдақ сатқан қазақстандық кәсіпкерлер биыл шығынға батқан
Кәсіпкер: "3000 гүл сатуымыз керек еді, бірақ тек 166 дана қызғалдақ саттық"