Қазақстанда такси бағасы бір жылда 11%-ға өскен
Қазақстанда такси бағасы тағы өсті. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

Ұлттық статистика бюросының мәліметінше, такси қызметімен айналысатын компаниялардың табысы өткен жылмен салыстырғанда 20%-ға өскен.
Елімізде жыл басынан бері такси бағасы 11,3%-ға шарықтаған. Қазіргі таңда ең қымбат Алматы қаласында. Биыл мегаполисте такси қызметі бірден 40,5 пайызға көтерілген.
Сондай-ақ бағаның өсуі Ақтөбе мен Абай облыстарында байқалады. Ал Қарағанды облысында жыл бойы баға өзгеріссіз қалса, Шығыс Қазақстан облысында керісінше баға 6 пайызға төмендеген.
Еске салайық, бұған дейін Астанада такси жүргізушісі шетелдік азаматты әуежайдан қонақ үйге 45 мың теңгеге апарғаны туралы хабарлаған екен.
25 мың теңгелік автотұрақ: Көк Төбеде туристер есебінен кім табыс тауып отыр?
Парктің әкімшілік басшысы Фархат Уәлиев парк жұмысына қатысты сын негізсіз екенін айтады
"Жоғары жалақы, тегін үй мен тамақ, соңғы үлгідегі MacBook": Италиядағы халықаралық мектепте сабақ беретін қазақстандық ұстаздық жұмысы жайлы айтты
Нұржігіт: "Ата-аналар чаты жоқ, олар ұстазбен сөйлескісі келсе, арнайы қабылдауына жазылады"