Астанада такси жүргізушісі шетелдік азаматты әуежайдан қонақ үйге 45 мың теңгеге апарған
Елордалық такси жүргізушісі Үндістан азаматын әуежайдан "Дипломат" қонақ үйіне 45 мың теңгеге жеткізген. Бұл жөнінде Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

Полиция ер адамды ұстап алып, оған айыппұл салды.
"Іздестіру іс-шараларын жүргізу барысында полиция департаментінің көліктегі қызметкерлері елорданың таксопарктерінің бірінің жүргізушісін ұстады, ол шетелдікті адлдап, халықаралық әуежайдан қонақ үйге бару бағасын әдейі көтерді", – делінген полиция хабарламасында.
Такси жүргізушісі өз кінәсін мойындап, залалды толық көлемде өтеді.
Құқық бұзушыға қатысты ӘҚБтК-нің 190-бабы бойынша "тұтынушылардың құқықтарын қорғау туралы заңнаманы бұзу" бойынша әкімшілік хаттама жасалып, 10 АЕК (34 500 теңге) мөлшерінде айыппұл салынды.
Сондай-ақ жеке таксопарктің атына осындай құқық бұзушылықтардың себептері мен жағдайларын жою туралы ұсыныс жіберілді.
Ауылда тұратын математика мұғалімі 3 сағатта шетелдік видеоны қазақша сөйлететін қосымша жасап шықты
Дәуіт Сұраған негізі математика пәнінің мұғалімі
Жаңа вирус па: Қазақстандықтар бұрын-соңды болмаған ауру белгілеріне шағымданды
Маман: "Ауру белгілеріне қарап нақты қандай вирус жұққанын анықтау мүмкін емес"