Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Қазақстанда тағы бір жүк көлігінің жүргізушісі коронавирустан көз жұмды

Шымкент қаласында коронавирустан көз жұмған науқас туралы деректер айтылды, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі. 

ер адам

Түркістан облысының Қазығұрт ауданы Раббат ауылының 1962 жылғы тұрғыны.

Ол жүк көлігінің жүргізушісі болған. Қазынақ-Қарағанды-Павлодар-Новосибирск бағытымен Шымкент қаласындағы блок-бекетте 11 сәуір күні транзиттік рейс кезінде тоқтатылған. Ентігуіне және жоғары дене қызуына байланысты ауруханаға жеткізілген. 

Науқас қалалық инфекциялық аурухананың жансақтау бөліміне жатқызылған. Оның ауыр жағдайына байланысты науқас жасанды тыныс алу аппаратына қосылыпты. Ол артериалды гипертензия ауруымен дәрігерлердің тіркеуінде тұрған. Ер азаматқа емдеу хаттамаларына сәйкес ем шаралар жүргізілген. Көрсетілген реанимациялық шараларға қарамастан, бүгін сағат таңғы жетіде ауру жұқтырған азамат көз жұмыпты. 

Онымен қарым-қатынаста болған ұлы Шымкент қаласының жұқпалы аурулар ауруханасына оқшауландырылыпты. 

Еске салайық, бұған дейін Қазақстанда коронавирус көз жұмған тағы екі науқас тіркелгені жайлы айтылған еді. 


Өз бетінше емделмекші болған: Нұр-Сұлтанда коронавирус жұқтырған науқас ауруханаға жеткізілген соң екі күннен кейін көз жұмған

Талқылау